Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚытай астанасы Бейжіңде әлемдегі алғашқы адамтектес роботтар дүкені ашылды. Ол 4S форматы бойынша жұмыс істейді және ашылуы 2025 жылғы Дүниежүзілік робототехника конференциясына орайластырылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
4S форматы – бұл сатылымдар (Sale), қосалқы бөлшектерді жеткізу (Sparepart), сатудан кейінгі қызмет көрсету (Service) және нарықты зерттеу (Survey) бағыттарын қамтитын алаң. Мұнда сонымен қатар роботтар қызмет көрсететін кафе мен бар-ресторан бар, ал сахнада өнер көрсететін музыканттар да – роботтар.
Robot Mall деп аталатын дүкен төрт қабатты, жалпы аумағы шамамен 4 000 шаршы метрді құрайды. Мұнда 50-ден астам бренд және жеті негізгі санаттағы робот үлгілері ұсынылған. Олардың қатарында медициналық, бионикалық, адамтектес, өнеркәсіптік роботтар, сондай-ақ жануар-роботтар мен спортшы-роботтар бар. Соңғыларымен келушілер баскетбол, футбол немесе шахмат ойнай алады.
Robot Mall жанында ашылған мейрамханада да бармен, даяшы және аспаз қызметін роботтар атқарады. Мейрамхана өкілі Сунь Линнің айтуынша, бұл орын жаңа роботтарды сынақтан өткізу және олардың мүмкіндіктерін нақты жағдайда көрсету алаңы болып табылады.
Экономист Франсиско Мигель Паулу робототехниканы дамыту маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, машиналар адам үшін қауіпті тапсырмаларды орындай алады, ауруға шалдықпайды, инфекция таратпайды және оңай жөнделеді. Сонымен бірге, ол жұмыс орындарын адамдар мен роботтар арасында теңдей бөлу үшін мемлекеттік саясаттың маңыздылығына назар аударды.
2024 жылы әлемдегі барлық роботқа қатысты патенттік өтінімдердің үштен екісі Қытайға тиесілі болған. Бір жыл ішінде елде 556 мың өнеркәсіптік робот өндірілді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?