Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚытайдың Хунань провинциясындағы Юэян қаласында алғаш рет шашлық (барбекю) институты құрылмақ. Юэян ашық университеті мен қалалық Барбекю ассоциациясы үкіметтің қолдауымен кәсіби білім беру платформасын іске қосуға келісімге келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Институттың мақсаты - шашлық бизнесін ұйымдастырылған және интеграцияланған салалық жүйеге айналдыру. Қалада 2 мыңнан астам шашлық орыны бар, онда 50 мыңға жуық адам жұмыс істейді, ал жылдық айналымы 2 миллиард юаньға (шамамен 150 млрд теңге) жетеді.
Юэян ашық университетінің вице-президенті Цзян Цзунфу институт жастары арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге сеп болатынын айтты. Шағын бизнес саласында жұмыс істеу оңай, табыс әлеуеті жоғары болғандықтан, жастар арасында танымал болып отыр.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер