29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚытай тарихында алғаш рет жартылай марафонға адаммен қатар адамтектес роботтар қатысты. Бірегей спорттық шара Бейжің қаласының Ичжуан ауданында ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жартылай марафон қашықтығы – 21 шақырым. Бұл жолы оған ғылыми-зерттеу институттары мен технологиялық компаниялардың ондаған командасы өздерінің роботтарын қосты. Кейбір модельдер адамның түр-тұлғасын айнытпай салған. Олардың жүзіне күлімсіреу және көз қысу сияқты мимикалық функциялар енгізілген.
Әрбір роботпен бірге оның «жаттықтырушысы» – адам еріп жүгірді. Кейбіреулер роботқа бағыт көрсетіп, қажет кезде қолдау көрсетті.
Жарыс кезінде түрлі қызықты сәттер де болды:
Алайда роботтардың ешқайсысы мәреге жете алмады. Біреуі жарыстың басында құлап, бірнеше минуттан кейін ғана орнынан тұрса, тағы біреуі қоршауға соғылып, өз операторымен бірге жерге құлаған.
Бұл тәжірибе Қытайдың робот техникасы мен жасанды интеллект саласында жеткен жетістіктерін көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай шаралар болашақта роботтардың адам өміріне етене араласуының бастауы болуы мүмкін.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек