Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚытайдың спорттық автокөлік өндірумен айналысатын Yangwang компаниясы (BYD концерніне кіреді) 21 қарашада Гуанчжоу автосалонында Y9 Xtreme атты спорткардың арнайы нұсқасын таныстырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Yangwang Y9 Xtreme қазір әлемдегі ең жылдам сериялық автомобиль саналады. Қыркүйек айында ол Гиннес рекордын орнатқан: Германияның Папенбург қаласындағы арнайы тректе көлік 496,22 км/сағ жылдамдыққа жетті. Осы модель үшін жылдамдығы 500 км/сағ дейін төтеп беретін арнайы шиналар жасалған.
Бұдан бөлек, биыл U9 Xtreme Нюрбургринг-Нордшляйфе трегінің 20,8 шақырымдық шеңберін жеті минуттан жылдам еңсерген алғашқы сериялық электромобиль болды. Оның нәтижесі алдыңғы рекорд иесі – Xiaomi SU7 Ultra көрсеткішінен шамамен алты секундқа артық.
Толық жетікті суперкардың қозғалысы жалпы қуаты 3 019 ат күшіне тең электрқозғалтқыштар арқылы қамтамасыз етіледі. Yangwang Y9 Xtreme стандартты U9 моделіне қарағанда екі есе қуатты: U9-дың өзі 1 306 ат күшін өндіреді.
Спорткар бар болғаны 30 дана болып шектеулі сериямен шығарылады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер