Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікОларды Логистика және Көлік Академиясында бакалавриат бағдарламалары бойынша оқыту көзделеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау нәтижесінде Логистика және Көлік Академиясы мен Нанкин Көлік Технологиялары Кәсіптік Институты арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.
Нанкин Көлік Технологиялары Кәсіптік Институты - Қытайдың Цзянсу провинциясының Көлік Департаментінің қарамағындағы мемлекеттік институт. Институттың 6 факультетінде 10 000-нан астам студент оқиды.
Аталған Келісім шеңберінде Қытайдың көлік колледждерінің түлектерін Қазақстанның бейінді көліктік жоғары оқу орыны - Логистика және Көлік Академиясында бакалавриат бағдарламалары бойынша оқыту көзделеді.
Тараптар көлік және логистика саласы үшін мамандарды бірлесіп даярлау, профессорлық-оқытушы құраммен және білім алушылармен академиялық алмасу, жазғы және қысқы мектептерді ұйымдастыру-өткізу және көлік, теміржол машиналарын жасаудағы инновациялық технологиялар трансферті туралы уағдаласты.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер