Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚытай соңғы жылдары ғарыш саласында қарқынды дамып, алдағы 5-10 жылда АҚШ-ты артқа қалдыруы ықтимал. Commercial Space Federation ұйымының «Redshift» атты жаңа баяндамасында көрсетілгендей, соңғы онжылдықта Қытай ғарыштағы басты қарсыласқа айналды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
NASA қаржы қысқартуларына және Artemis бағдарламасындағы кідірістерге тап болып отыр. Ал Қытай бір мезетте бірнеше бағытты қатар дамытуды жалғастыруда: ғарышкерлерді ұшыру, өз орбиталық станциясын құру, жер серіктерінің алып жүйесін құру және коммерциялық жобаларды іске асыру.
Айға талас
Алдағы жылдарда АҚШ үшін негізгі бәсеке – Айға байланысты жобалар болмақ.
Artemis миссиялары зымыран мәселелеріне байланысты кейінге шегерілсе, Қытай қазірдің өзінде топырақ үлгілерін әкеліп, Айдың картасын жасады және 2030 жылға қарай ғарышкерлерді қондыруды жоспарлап отыр.
2035 жылға дейін Қытай ядролық реакторы бар автономды Ай базасын салуды көздейді. Бұл елге ресурстарды игеруде және Марсқа ұшуға дайындықта басымдық береді.
Төменгі орбитада Қытайдың «Тяньгун» станциясы ХҒС жабылғаннан кейін жалғыз мемлекеттік орбиталық платформаға айналады.
Сонымен қатар Қытай James Webb деңгейіндегі өз телескобын жасауды және Starlink жүйесіне ұқсас спутниктік жоба іске қосуды қолға алған.
Қаржыландыру мен халықаралық әріптестік
Қытайдың басты артықшылығы – қомақты инвестиция.
2024 жылы коммерциялық ғарыш компанияларына 2,86 млрд доллар құйылды, бұл 2016 жылғы 164 млн доллардан бірнеше есе артық.
Жеке фирмалар Қытайдың ұлттық ғарыш агенттігімен (CNSA) тығыз байланыста жұмыс істейді, бұл дамуды жылдам әрі икемді етеді.
Тағы бір маңызды қадам – «Жібек жолы ғарышта» бастамасы. Ресей, Үндістан, Жапония және өзге елдермен бірлескен 80-нен астам жоба АҚШ-тың халықаралық ықпалын әлсіретіп отыр.
Зымырандар мен жаңа технологиялар
Қытайда қазірдің өзінде 6 ғарыш айлағы жұмыс істейді, бұл ұшу санын күрт арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ауыр зымырандар мен орбиталық күн электр станцияларын жасау қатар жүргізілуде. Мұндай кешенді әрі жүйелі қадамдар дамудың қарқынын ерекше жылдамдатады.
АҚШ үшін белгі
Америкалық сарапшылардың сөзінше, АҚШ кей салаларда әлі де көшбасшылықты ұстап отырғанымен, бұл артықшылықтың ұзаққа бармасы анық. Егер қазіргі үрдіс жалғаса берсе, Қытай алдағы онжылдықта әлемдік ғарыш саласында бірінші орынға шығуы әбден мүмкін.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?