30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚытайдың жеке компаниясы жасаған CERES-1 зымыран-тасығышының көмегімен үш спутник ғарышқа жіберілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі жазды. Кеше кешке елдің солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан метеорологиялық «Юньяо-1-27», Жер мен ғарыштық ортаны бақылау спутнигі «Кайюнь-1», сондай-ақ қашықтықтан зондтау аппараты «Юйсин 3-08» орбитаға шығарылды. Ұшырылым сәтті өтіп, спутниктер жоспарланған орбиталық орындарына орналасты. Бұл CERES-1 зымыранының 20-шы табысты миссиясы болды.
Galactic Energy компаниясы әзірлеген CERES-1 ұзындығы 19 метр, диаметрі 1,4 метр және ол төменгі Жер орбитасына 350 килограмға дейінгі жүкті жеткізе алады. Осы уақытқа дейін аталмыш зымыран 80 спутник ұшырды.
Айта кетсек, Қытайдың ғарыштық бағдарламасында негізгі зымыран-тасығыш ретінде мемлекеттік China Aerospace Science and Technology Corporation шығарған Long March (Ұзақ марш) сериясы қолданылады. Соңғы жылдары жеке сектордың ғарыштық бастамаларына Пекин үкіметі қолдау көрсетіп келеді.
Galactic Energy-ден бөлек, Қытайдың i-Space (SQX-1Y1), Space Pioneer (TL-2 Y1), Landspace (ZQ-2) және Orienspace (Gravity-1) компаниялары да өз зымырандарын сәтті ұшырып жүр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды