Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚытайлық ғалымдар ағзаның қартаюын тежейтін әдіс ойлап тапты - олар жасқа байланысты өзгерістерге төзімді ерекше жасушалар жасап шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Cell журналында жарияланған деректерге сәйкес, макакаларға жүргізілген тәжірибеде бұл жасушалар жүйелі қартаюды баяулатып, мидың жұмысын жақсартып, тіпті репродуктивті функцияны ішінара қалпына келтірген.
Жаңа жасушалар SRCs (senescence-resistant cells) деп аталды. 44 апта бойы ғалымдар оларды қартаң приматтарға тамыр арқылы енгізіп, өзгерістерді бақылады. Нәтижелер таңғаларлық болған: жануарларда «кәрі» жасушалардың саны азайып, қабыну мен тіндердің деградациясы бәсеңдеді. Бұдан бөлек, SRCs миды нығайтып, есте сақтауды жақсартуға және жыныс жүйесіндегі қартаю белгілерін баяулатуға көмектесті.
Мамандардың айтуынша, мұндай жасартушы әсердің бір себебі - экзосомалар. Бұл - SRCs бөліп шығаратын микроскопиялық көпіршіктер, олар жасушалық қартаюмен күресуге ықпал етеді. Ең маңыздысы, бүкіл тәжірибе барысында ешқандай ауыр жанама әсер байқалмаған.
Ғалымдар мұны «генетикалық түрлендірілген жасушалардың приматтарда қартаюды шын мәнінде баяулата алатынын дәлелдеген алғашқы зерттеу» деп отыр. Енді алдағы міндет - осы тәсілдің адамдарға қаншалықты қауіпсіз әрі тиімді болатынын анықтау.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады