28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚытай ғалымдары АҚШ зерттеушілерімен бірлесіп алғаш рет Марста қатты ядро бар екенін растады. Оның радиусы шамамен 600 шақырымды құрайды. Бұл туралы Қытайдың Global Times басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Хабарламаға сәйкес, Қытай ғылым және технология университетінің профессорлары Сунь Даоюань мен Мао Чжу жетекшілік еткен ғалымдар өз зерттеу нәтижелерін Nature ғылыми журналында жариялады.
Марстың ішкі қатты ядросының негізгі құрамы кристалды темір-никель қорытпасынан тұрады және ол жеңіл элементтермен байытылған болуы мүмкін, – дейді ғалымдар.
Зерттеушілер NASA-ның InSight аппараты тіркеген марстық сейсмограф деректерін талдап, толқындардың планета ядросы арқылы өткен фазаларын анықтаған. Толқындардың жылдамдығындағы айырмашылықтар Марстың ядросы бірнеше қабаттан тұратынын көрсеткен: сыртқы сұйық ядро және ішкі қатты ядро.
Тереңірек талдау алғаш рет Марста қатты ішкі ядроның бар екеніне дәлел тапты және оның радиусын шамамен 600 км деп өлшеді. Бұл – Марстың жалпы радиусының бестен бірі. Егер Марстың өлшемі Жермен бірдей болғанда, оның ішкі және сыртқы ядролары арасындағы пропорция Жерге ұқсас болар еді, – деп жазады Global Times.
Ғалымдар бұл жаңалық Марс пен Жердің, сондай-ақ басқа да Жер тектес планеталардың эволюциясын салыстыруға маңызды негіз қалайды деп атап өтті.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?