20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодарда прокурорлар қарт адамдарды азаптау фактілерін анықтады. Жергілікті пансионаттардың бірінде түсірілген бейнежазбаларды зерттей келе жантүршігерлік фактілер ашылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Ақсу қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтаған.
Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында жантүршігерлік фактілер ашылды: пансионат қызметкерлері тұрақты екі дәрменсіз қарияны ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен. Жәбірленушілердің бірі - 84 жаста. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған, - делінген хабарламада.
Осы факт бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта барлық кінәлі адам анықталды. Прокуратура өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?