Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБүгін Италияның Турин қаласында 2025 жылғы Қысқы универсиаданың бесінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, биатлон және мәнерлеп сырғанаудан сынға түседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдымен 14:05-те биатлонның спринт сайысынан ерлер арасында Никита Акимов, Владислав Киреев, Кирилл Бауэр, Ерқанат Қуандық жарыс жолына шықты.
Ал 17:05-те биатлонның спринт сайысынан әйелдер арасында Арина Крюкова, Алина Скрипкина, Айша Рақышева, Милана Генеева ел намысын қорғайды.
Сағат 14:30-да шаңғы жарысынан әйелдер арасында Александра Скороходова жарыс.
Сағат 17:00-де мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарлама бойынша ерлер арасында Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Михаил Кривошеев сайысқа түссе, 20:05-те әйелдер арасында София Самоделкина өнер көрсетеді.
Еске салсақ, қазақстандық спортшылар медальдар кестесінде екі алтын, төрт күміс, екі қоламен екінші орында келеді. Ел құрамасы қоржынына қос алтынды фристайлшы Анастасия Городко салды.
Ал Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев (екеуі де фристайл жұптық-могул) және Денис Зинов екі мәрте (парашаңғы, 10 шақырым, 1400 метр спринт) күміс, Роман Құрбанов екі мәрте (парашаңғы, 10 шақырым, 1400 метр спринт) қола медаль алды.
Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер