Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБүгін, 9 ақпан күні Қытайда өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында бірқатар қысқы спорт түрлерінен маңызды жарыстар өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорт сүйер қауым ски-альпинизм, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру және шайбалы хоккейден өтетін жарыстарды тамашалай алады.
Ски-альпинизм сайыстары 07:30-да ерлер арасындағы жарыспен басталады. Ал 08:10-да әйелдер мен ерлердің финалдық бәсекелері өтеді. Шаңғы жарысында 5 шақырым қашықтыққа жүгіру бойынша әйелдер арасындағы финал 08:00-де басталады.
Конькимен жүгіру сайыстары да көрермендер үшін қызықты өтпек. 500 метрлік жарыста әйелдер арасындағы финал 09:00-де өтсе, 5000 метрлік жарыста ерлер финалы 09:56-ға жоспарланған. Сонымен қатар, командалық спринт бойынша әйелдер арасындағы финал 11:56-да өтеді.
Күні бойы өтетін жарыстардың ең қызықтысы шайбалы хоккей болмақ. Қазақстан әйелдер құрамасы Кореямен кездесіп, маңызды ойын өткізеді. Бұл матч 12:30-да басталады.
07:00 – Финалдық сайыс
Барлық жарыстардың уақыты Астана уақытымен басталады. Жанкүйерлер сайыстарды "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көруіне мүмкіндік қарастырылған.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды