Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТанымал актер Жахан Отарғалиев instagram парақшасына эмоцияға толы жазба қалдырды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ол жастарды ажыраспауға шақырды.
Қымбатты достар, егер сіздердің араларыңызда кішігірім ұрыс басталайын деп жатса, тыйып тастаңыздар. Керек емес. Мүлде ажыраспаңыздаршы, достар. Мен қазір Ыстамбұлдамын. Дәл осы жерде жүріп, ол адамға өзімнің сезімімді білдірген едім, - дейді ол.
Актер осы қалада үйленуге ұсыныс жасағанын айтты.
Осы қалада теңіз жағасында жүріп армандайтынбыз. Сол армандарымыз, Аллаға шүкір, барлығы орындалды. Бірақ, өкінішке қарай, бұлай болатынын ешкім ойламайды. Дәл қазір дәл осы жерде мен ол адаммен қоштасқым кеп тұр. Қысқа ғана өмір сүретінімізді білмейміз. Бізге берілген уақытты тиімді, жақсы пайдаланғым келеді, - дейді ол видео арқылы үндеуде.
Актер жаңа өмір бастау керегін алға тартады. Айта кетейік, жарты жыл бұрын актер Балжан Бидашпен ажырасып кеткен еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді