20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚардың көп мөлшерде жауғанына байланысты қаладағы коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. Түнгі ауысымда қар тазалау жұмыстарында 300-ге жуық жол жұмысшысы, 1,3 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
4 ақпан күні елордадан 45 мың текше метрден астам қар немесе 3 364 жүк рейсі шығарылды. Қыс басталғаннан бері қаладан полигондарға 3 659 196 текше метр қар немесе 269 753 жүк рейс тасымалданған.
Естеріңізге салсақ, елордада бірнеше қар полигондары орналасқан. Полигондар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған. Мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған. Қар шығару жұмыстары тәулік бойы, күндізгі және түнгі ауысымда жүргізіледі.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, 5 ақпанда Астанада қар жаумайды, күн бұлтты болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде -7-9 аяз, күндіз -1-3 градус болады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?