Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыРесей басқыншылығындағы Украинаның жері – Қырымдағы лагерьге демалуға кеткен қазақстандық оқушылар елге оралды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет кулуарында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балалардың бәрі аман-есен оралды. Барлығы әке-шешелерінің қолына табысталды. Мұндай жекеменшік олимпиадалар мен байқауларға тосқауылдар қойылды. Ол тосқауыл бар. Бірақ бұл жерде мынаны түсіну керек. Бұл ата-аналардың өз еркімен жасалған дүние. Әрі қарай мұндай мәселелерге жол берілмес үшін білім басқармасының бұйрығынсыз және министрліктің Құқық қорғау комитетінің рұқсатынсыз балаларды шетелге жіберуге жол бермеу мәселесі қолға алынып отыр, - деді ол.
Еске сала кетсек, Қазақстанның 10 оқушысы Қырымда орналасқан лагерьге демалуға 24 күнге аттанған болатын.
Бұған дейін Ғани Бейсембаев мемлекеттік балабақшалар қазақ тіліне көшірілетінін айтқан болатын.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді