20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2005 пен 2010 жылдар аралығында Қырғызстан президенті лауазымын атқарған Құрманбек Бәкиев сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бішкектегі Первомай ауданының соты осындай үкім шығарған.
Kaktus.media мәліметінше, президент пен қылмыстық істің өзге қатысушылары алтын кен орнындағы жемқорлық ісі бойынша айыпты деп танылды.
Бішкектің Первомай ауданы сотының 2023 жылғы 1 наурыздағы үкімімен Құрманбек Бәкиев Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 2021 жылғы 28 қазандағы 336-бабының 2-бөлімімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген мәліметте.
Үкімде оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте бұдан былай жұмыс істей алмайтыны айтылған.
Бұған дейінгі үкімдерді қоса алғанда, қашқын болып жүрген Бәкиев 30 жылға бас бостандығынан айырылған.
2010 жылы Бәкиев Қырғызстаннан кетіп, қазір Беларусьте тұрып жатыр. Өз елінде ол 30 жылға қамалған. Бішкек Минскіден оны экстрадициялауды талап еткенімен, Беларусь билігі одан бас тартты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?