30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚырғызстанда жылу электр орталығында апат болып, қазандықтардың бірі жарылды. Қазір ел астанасы Бішкек тұрғындары ыстық сусыз және жылусыз отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыға жұмыс сапарымен келген Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров шұғыл түрде елге қайтты.
Қазандықтың жарылғанынан 5 адам зардап шекті, екеуі ауыр халде, бір адам уланған. Бішкектегі үйлерде ыстық су жоқ, радиаторлардың температурасы да айтарлықтай төмендеді. Кейбірінде жарық жоқ.
Жылу электр орталығында төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жедел жұмыстану үшін жедел штаб құрылды.
Сондай-ақ Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жылу электр орталығына қатысты жағдайды жеке бақылауында ұстайтынын мәлімдеді. Жапаров жағдайдың салдарын қысқа мерзімде жоюды тапсырды. Оқиға орнында министрлер кабинеті мен құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері жүр.
Бішкек әкімдігі хабарлағандай, қаладағы мектептер мен балабақшалар 5 ақпанға дейін онлайн оқытуға көшті. Денсаулық сақтау министрлігі Бішкекте жоспарлы оталар кейінге қалдырылғанын айтты.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды