20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚырғызстан Үкіметі жалпы білім берудің жаңа мемлекеттік стандартын бекітті. Бұл стандартқа сәйкес, мектептер 12 жылдық оқыту жүйесіне көшеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі fergana.agency-ге сілтеме жасап.
Жаңа білім беру стандарты ұлттық білім беру жүйесін халықаралық деңгейге сәйкестендіруді және оқушылардың білім сапасын арттыруды көздейді.
Жаңа жүйе бойынша оқыту үш деңгейге бөлінеді:
Жаңа стандартқа сәйкес, оқушыларды бағалау жүйесі жаңартылды:
Қырғызстанда 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу 2025 жылдың қыркүйек айынан басталады. Жаңартылған жүйеге сәйкес:
Жаңа жүйе бойынша алғашқы аттестаттар 2027/2028 оқу жылының соңында беріледі. Толыққанды 12 жылдық мектептің алғашқы түлектері 2036/2037 оқу жылында, яғни 2019 жылы туған балалар мектеп бітірген кезде шығады.
Қырғызстанның Білім министрі Догдуркүл Кендирбаеваның айтуынша, жаңа жүйеге байланысты бакалавриаттың оқу мерзімі 4 жылдан 3 жылға қысқарады. Себебі, кейбір жоғары оқу орындарының бағдарламалары мектептің жоғары сыныптарында оқытылатын болады.
Осыған орай, 10-12 сыныптарда профильдік оқыту жүйесі енгізіледі, онда оқушылар математика, физика, химия және тілдерді тереңдетіп оқиды.
Жаңа білім беру стандарттары Қырғызстанның білім жүйесін халықаралық деңгейге жақындатып, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?