Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБатыс өңірге «Бірлестік – 2024» халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының белсенді кезеңін бақылау үшін қорғаныс ведомстволарының басшылары келуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтау қаласының халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарды Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов қарсы алды. Ақтауға Қырғызстан Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Бақтыбек Бекболотов, Тәжікстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Саидасрор Саид Абдуллозода келді.
Әуе айлағында делегация басшыларының келуіне орай ұшақтың трапы алдында құрметті қарауыл ротасы сап түзеді. Қонақтарға дәстүрлі бауырсақ пен қымыз ұсынылды. Әскери делегациялардың бағдарламасына әскери объектілер мен әскери қызметшілер орналасқан жерге бару және «Оймаша» полигоны мен Қарақия ауданы Тоқмақ мүйісіндегі оқу-жаттығудың белсенді кезеңін бақылау кіреді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?