Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасы азаматтарының кіру және болу тәртібіне өзгерту енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 6-тармағының 16-абзацын қолданбай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап Қырғыз Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасында болуға рұқсат етілген күнтізбелік тоқсан күн мерзім белгіленсін, - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет басшысы қаулысының жобасында.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғыз азаматтары елімізде 30 күн ғана бола алатын еді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер