11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБас Прокурор Берік Асыловтың Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бірқатар лауазымды тұлғалар мен азаматтарға қылмыспен күрес және заңдылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Алғыс хаттар жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас Прокурор кибералаяқтықпен күресте ҰҚК, ІІМ, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметкерлерінің нәтижелі жұмысын атап өтті.
Ведомство мәліметінше, олардың бірлескен іс-қимылы нәтижесінде бірнеше «Колл-орталықтар» жойылып, алаяқтық әрекеттерде қолданылған 100-ге жуық «СИМ-бокс» құрылғысы және 60 мыңнан астам СИМ-карта тәркіленді. Аталған фактілер бойынша 50 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, 42 адам, оның ішінде 18 шетел азаматы ұсталды. Соның нәтижесінде киберқылмыстардың ашылуы мен жәбірленушілерге келтірілген залалды өндіру екі есеге артты.
Ұлттық банкте қаржы ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасында күмәнді операциялар мен алаяқтық схемаларға қатысушылар туралы мәліметтерді жедел алмасуды қамтамасыз ететін Антифрод-орталық құрылды.
Орталық іске қосылғалы бері алаяқтар ұрлаған 2,2 млрд теңге сомасындағы қаражатты шешіп алудың жолы кесілді. Сондай-ақ Шымкент қаласының Полиция департаменті қызметкерлерінің 59 алаяқтық «кибертоптың» қызметін тоқтатып, 112 «дропперді» қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша жұмысы ерекше аталды. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық істері бойынша сапалы тергеп-тексеру жүргізгені үшін, сондай-ақ ІІМ мен «Қорғау» дағдарыс орталығының қызметкерлері нәтижелі профилактикалық жұмысы үшін, әсіресе отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы жұмысы үшін Алғыс хаттармен марапатталды,-делінген Бас прокуратура мәліметінде.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес