Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстана қаласындағы №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде салтанатты іс-шара өтті. Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов елордалық азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің қызметкерлеріне жаңа пәтерлер мен қызметтік автокөліктердің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрлік мәліметінше, жаңа қоныс иелерінің қатарында құтқарушылар, жүргізушілер және бөлімше командирлері бар. Сонымен қатар қызметтік техника паркі жаңартылып, бұл төтенше жағдайларға ден қою жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ведомство басшысы жеке құрам алдында сөйлеген сөзінде қызметкерлерді тұрғын үймен және заманауи техникамен қамтамасыз ету — бұл ТЖМ қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілетін жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.
Тұрғын үймен қамтамасыз етілу – ертеңгі күнге деген сенімділік, басты іске – адам өмірін құтқаруға толық көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Тұрғын үй мәселелерін шешу – қауіпсіздіктің алдыңғы шебінде тұрған адамдарға жасалған қамқорлық, біздің басты басымдығымыз, – деді Шыңғыс Әрінов.
Құтқарушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету – азаматтық қорғау қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік саясатындағы басты бағыттардың бірі. Министрлік жеке құрамға лайықты қызмет жағдайын жасап, олардың ынтасын арттыруға бағытталған шараларды дәйекті түрде жүзеге асыруда. Аталған бағыттағы жұмыс биыл да белсенді түрде жалғасуда. Тек 2024 жылдың өзінде Астана қаласының ТЖД қызметкерлеріне 50 пәтер берілді. Бағдарлама аясында тұрғын үймен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары