15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚазақстанда 2027 жылы құтқарушылардың жер сілкінісіне дайындығын тексеру мақсатында ауқымды командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізіледі. Мұндай тапсырманы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматыға жұмыс сапары барысында берді.
Оқу-жаттығулар барысында құтқару бөлімшелерінің жеке құраммен және қажетті техникамен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел әрекет ету қабілеті бағаланады.
«Келесі жылы барлық күштер мен құралдарды жұмылдыра отырып, ауқымды командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізу қажет. Бөлімшелердің нақты жасақталуын және төтенше жағдайларға әрекет ету дайындығын тек қағаз жүзінде емес, іс жүзінде тексеру маңызды», – деді Қанат Бозымбаев.
Алматыға сапары барысында вице-премьер ТЖМ-нің «Алатау» оңтүстік жедел мақсаттағы базасы мен №21 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің дайындығын тексерді.
Қазіргі уақытта қалада зардап шеккен тұрғындарды қабылдауға арналған 384 пункт қарастырылған. Оның 150-і мобильді қоймалармен жабдықталған.
Төтенше жағдайлар министрлігіне басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықты төтенше жағдайлар туралы хабардар ететін Mass Alert жүйесін енгізуді аяқтау және сейсмологиялық мониторингті жетілдіру тапсырылды.
Сонымен қатар вице-премьер мемлекеттік органдарға сейсмикалық қауіптерді бағалау үшін цифрлық технологияларды кеңінен қолдануды тапсырды.
Алматыдағы «Медеу» сейсмологиялық станциясында оған жер сілкіністерін бақылауға арналған жабдықтар мен ерте хабарлау жүйесі таныстырылды.
Қазақстанның сейсмикалық қауіпті өңірлерінде ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділігі тексеріліп, қауіп-қатерлердің цифрлық дерекқоры жасалады.
Сондай-ақ Қанат Бозымбаев тектоникалық жарықтар орналасқан аймақтарда және тау бөктеріндегі аумақтарда құрылыс салуға тыйым салу қажеттігін атап өтті.
Бұдан бөлек, Түркістан және Маңғыстау облыстары мен Тараз қаласының сейсмикалық аудандастыру карталарын әзірлеуді қаржыландыру мәселесі қаралады.
Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының базасында жер сілкіністерін зерттеу және ерте ескерту жүйелерін жетілдіру мақсатында бірлескен Қазақстан–Қытай орталығын құру жоспарланып отыр.
Үкіметтің мәліметінше, Қазақстан аумағының шамамен 40 пайызы сейсмикалық қауіпті аймақтарға жатады.
2026 жылдың басынан бері елімізде мыңнан астам жер сілкінісі тіркелген. Оның сегізі тұрғындарға сезілген. Бұл жер сілкіністерінің қарқындылығы екіден төрт балға дейін болған.
2024 жылдың желтоқсанында Төтенше жағдайлар министрлігі Mass Alert жүйесін Қазақстанның барлық өңірінде енгізу жоспары туралы хабарлаған болатын.
Сол уақытқа дейін жүйе Алматыда екі рет – 31 мамыр және 17 қазанда сынақтан өткізілген. Сынақ барысында төтенше жағдай туралы хабарламалар ұялы телефондарға, соның ішінде iPhone құрылғыларына сәтті жеткізілген.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады