28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБірқатар қалада SCAT әуе компаниясының ұшақтары құстармен соқтығысу салдарынан зақым алған. Мұндай жағдайлар форс-мажорлық мән-жайлар санатына жатады және тасымалдаушы тарапынан бақылауға келмейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Компания дерегінше, рейстер кестесін қысқа мерзімде тұрақтандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Жедел түрде резервтік әуе кемелері жіберілді, сондай-ақ жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде, - делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осыған байланысты кейбір рейстердің кестесіне уақытша өзгерістер енгізіледі.
Анталья – Астана және Ақтөбе – Анталья бағыттарында мынадай өзгерістер болды:
Антальяда резервтік әуе кемесінің келуін күту кезінде жолаушыларға қонақүйлерде тұру мерзімі ұзартылды. Ыңғайлы жағдайлар толық қамтамасыз етілді. Ұшу 2025 жылғы 23 маусымға жоспарланған, - делінген мәліметте.
Ақтөбеде ұшуды күтіп отырған жолаушыларға ыстық тағам және сусындар ұсынылуда. Компания өкілдері мен туроператорлар жолаушылармен тұрақты байланыста, кесте қажеттілікке қарай түзетілуде.
Әуе кемелерінің қайта бөлінуіне байланысты 2025 жылғы 23 маусымда мына бағыттарда рейстердің кешігуі мүмкін:
Алматы – Шарм-эль-Шейх
Алматы – Анталья
Анталья – Алматы
Сондай-ақ халықаралық жағдайға және жекелеген әуе кеңістіктерінде уақытша шектеулердің енгізілуіне байланысты, 2025 жылғы 23 маусымға жоспарланған Астана – Доха рейсі тоқтатылды.
Бұған дейін тағы бір компания Таяу Шығысқа рейстерді уақытша тоқтатқанын мәлімдеген.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?