t.me/PR_AirAstana

Air Astana Таяу Шығысқа ұшатын әуе рейстерін тоқтатты

22.06.2025 22:07 1059

Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленуіне байланысты Air Astana компаниялар тобы 23 маусымда бірқатар рейсті тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Компания мына бағыттарға рейстерді тоқтатқан:

КС191/192/Атырау-Дубай-Атырау;
КС205/206/Астана-Дубай-Астана;
КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы;
КС655/656/Астана-Доха-Астана.

Орындалмаған рейстердің жолаушыларына ақысыз қайта брондау немесе билетінің құнын толық қайтару ұсынылады.

Air Astana әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалайды және одан әрі рейстерді тоқтатқан жағдайда қосымша хабарлайды, - делінген мәліметте.