Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАқтау қаласында «Сұлтан», «Аққала» және «Мұрагер» көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезінде аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, тергеу барысында «ИнтерьерСтройАқтау» ЖШС басшыларының құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары, лицензиясы және жобалық-сметалық құжаттамасы болмағанына қарамастан, 590 үлестік қатысу келісімшартын жасасқаны анықталды.
Нәтижесінде үлескерлерден заңсыз түрде 5,5 млрд теңгеден астам қаражат тартылған. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген және белгіленген мерзімде аяқталмаған. 1,9 млрд теңге көлеміндегі қаражат жалған құрылыс актілері арқылы қолма-қол ақша ретінде кассадан шығарылып, компания басшылығы тарапынан иемделген, - делінген мәліметте.
Тергеу барысында 5 жер телімі мен 47 автокөлікке тыйым салынды.
Сот үкімімен компания басшылары 3,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ жәбірленушілердің азаматтық талаптарын өтеу мақсатында 1,1 млрд теңге көлеміндегі мүлік тәркіленіп, өтем ретінде аударыған.
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес