Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасы мен 95-бабының 1-тармағына сәйкес Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленді. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына сайлауға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және оны өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Сондай-ақ Үкіметке, Астана қаласының, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды кідіріссіз қабылдау міндеті жүктелді.
Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Құжатқа бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеде Ақордада қол қойылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары