7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Белгілі өнер иесі Айгүл Елшібаева халқымыздың мәдени мұрасы саналатын құнды сәукелені көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі қазіргі таңда Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы мұражайда сақталған сәукелеге байланысты тың деректермен бөлісті.
Бұл сәукеленің бағасы 100 аттың құнымен тең. Қазіргі бағамен шамамен 50 миллион теңге тұрады. Қазақтың байлары дәулетін білдіру үшін қыздарын ұзатқанда арнайы зергерлерге соқтырып, алтын, асыл тастармен көмкеріп жасаған. Бұл сәукелені сыйға тартқан Лайыкжан Дербісәліұлы Беркімбаев. Ақтөбе уезінен шыққан Кердері Әбубәкірдің жырларындағы арнауы бар. "Жағалбайлы жиналса, Дербісәліні мақтайды" деп келетін өлең жолдарындағы Жағалбайлы руынан шықққан бай Дербісәлі байдың баласы Лайықжан тапсырған.
Ол кезде 100 қойы бар адам кедей саналған. Бай деп 1000 қойы мен жылқысы бар адамды айтқан. Санкт-Петербург қаласындағы Кунсткамерада осы сәукеле сақтаулы тұр, - деп жазды Айгүл Елшібаева.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?