Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚаржы министрлігі құмар ойынның қармағына түсіп, ойынханаға қыруар қаржы шығындаған үш қызметкерін тәртіптік жазаға тартқан болатын. Бұл мәселеге қатысты қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, бастапқыда 25 қызметкерге қатысты деп ақпарат тараған.
Оқи отырыңыз:
Бізде бұл мәселемен аппарат басшысы айналысады. Олар тікелей кадр мәселесіне жауап береді. Біз оны тек заң аясында қарастырамыз. Бастапқыда 25 қызметкерге қатысты ақпарат келген. Біз барлығы бойынша тиісті іс-шараларды қараймыз. Дегенмен аталған қызметкерлердің ішінде жұмыс істемейтіндері бар және жұмыстан өз еркімен кеткендері, сондай-ақ тәртіптік жазаға тартылғандары бар. Сондықтан да біз әрбір қызметкермен жеке-жеке қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізіп барып шешім қабылдадық, - деді Ерұлан Жамаубаев.
Еске салсақ, өткен жылдың қазан айында Алматы облысы прокуратурасы 305 шенеуніктің казиноға 507 миллион теңге жұмсағанын хабарлаған. Оның ішінде Ішкі істер және Қорғаныс министрліктері, Қаржылық мониторинг және Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктері, бірнеше әкімдік, тіпті Жоғарғы соттың да қызметкерлері бар. Тізімге іліккен әр мемлекеттік орган жұмысшыларын жауапқа тартуға міндеттелді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?