Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы15 қыркүйек сағат 20:00-ден бастап 16 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін “Алматы - Көктал - Шонжы - Қорғас” республикалық маңызы бар автожолының орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Құлжа трактісінің 14-16,5 шақырым аралығындағы учаскесінде шектеу қойылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
“ҚазАвтоЖол” ҰК” мәліметінше, бұл учаскеде қозғалыс 11 сағат ішінде реверсивті түрде ұйымдастырылады. Жұмыстар жолдың шығыс жағында жүргізіліп, жол бір жолақты қозғалыспен қамтамасыз етіледі. Мұнда арнайы ескерту белгілері мен мердігер мекеменің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық стенд орнатылады.
Мамандар көлік жүргізушілері мен жолаушыларға сапарларыңызды алдын ала жоспарлап алуларыңызды сұрайды.
Алдағы уақытта жөндеу жұмыстарына байланысты Құлжа трактісінің бойындағы елдімекендерде қозғалысқа уақытша шектеулер қойылуы мүмкін.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді