13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз"Жылыой Тазалық" ЖШС қызметкерлері су басқан үйлерден күніне 1,7 тоннаға дейін тұрмыстық қалдықтарды шығаруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы "Жылыой Тазалық" ЖШС учаскесінің бастығы Асқар Теміржан айтты.
Бүгін су басқан аулалардан коммуналдық қызметкерлер 10 тоннадан астам қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарды. ТЖ режимін жою бойынша жұмыстар шеңберінде Құлсары тұрғындарының үйлерінен бүлінген мүліктерді әкету бойынша жұмыс жүргізілуде. Күніне көшелерден 1,7 тоннаға дейін қоқыс жиналады. Біздің міндетіміз - үйлер мен аулаларды қоқыстардан тез арада тазарту. Осылайша, тұрғындар жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үйлерін ретке келтіре алуына жағдай жасау, - деді Асқар Теміржан.
Құлсары көшелерінен қоқыстарды жинау және шығару жұмыстарына 17 арнайы техника, 5 жүк тиегіш, "Жылыой Тазалық"ЖШС-нің 38 қызметкері жұмылдырылды.
Бес бригада күн сайын таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істеуде.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды