22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАтырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бірнеше күннен бері тасқын судың алдын алу жұмыстарына атсалысқан тұрғындарға алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімнің айтуынша, жағдай тұрақталған соң арнайы комиссия құрылады.
Олар келтірілген залал есептеліп, материалдық шығынды өтеумен айналысады. Жұмыстар әлі жалғасады.
Қазір Атырау облысында су тасқыны бойынша жағдай өте күрделі. Атырау облысында бес өзен бар, соның үшеуі Ақтөбе өңірінен, екеуі Ресейден бастау алады. Қазіргі таңда Ақтөбе облысынан бастау алатын екі өзеннен қауіп сейілді. Ал Жем өзені арнасынан шығып, Құлсары қаласындағы екі мөлтек ауданға су кірді. Нәтижесінде 100-ге жуық тұрғын үйді су басты. Осы орайда зардап шеккен тұрғындардың барлық шығыны өтелетінін айтқым келеді. Бәрін бақылауда ұстап отырмыз, - деді әкім.
Сағат 22:45-тегі жағдай бойынша 2500 жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимаратты су басты.
ЖАО, ТЖД, ПД, ҚМ, Ұлттық ұлан күштері халықты эвакуациялауды жалғастыруда. Осы сағатта 4 мыңнан астам адам , оның ішінде 1 мыңнан астам бала эвакуацияланды.
Айта кетейік, Атырау облысында су тасқыны жағдайына байланысты Маңғыстау облысының ТЖД жедел тобы қазіргі уақытта жеке құрамнан 72 адам, шамамен 23 бірлік техника авариялық-құтқару мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу мақсатында Құлсары қаласына аттанды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев