7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Құлаққаптар бүгінде күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда оларды үнемі пайдалану есту қабілетіне кері әсерін тигізуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дәрігер Александра Филева мұндай құлаққаптарды қолданудың үш негізгі қаупін атады.
Тығыз орналасқан құлаққап құлақ ішінде жабық орта қалыптастырады, мұнда дыбыс таралмайды. Тіпті дыбыс қаттылығы орташа деңгейде болғанның өзінде бұл дабыл жарғағына және ішкі құлаққа қысымды арттырады.
Салдары: есту жасушаларының зақымдануы және әсіресе жоғары жиіліктерді қабылдауда нейросенсорлық кереңдіктің дамуы.
Ол құлақтың желдетілуін бөгеп, жылы әрі ылғалды орта қалыптастырады. Ал спортзал немесе көшеде қолданған кезде бактерия түсу ықтималдығы артады.
Сонымен қатар поролон мен силиконнан жасалған қаптамалар тез ластанады.
Мамандардың айтуынша, құлаққапты тым терең енгізу құлақ жолының терісін жарақаттауы немесе құлық тығындарының түзілуіне әкелуі мүмкін.
Қауіпсіз тыңдау ережесі – 60/60:
Үзіліссіз 60 минуттан артық тыңдамау.
Дыбыс деңгейін 60%-дан асырмау.
Қаптамаларды үнемі тазалап тұру.
Қаптамалар тозған кезде уақытылы ауыстыру.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?