Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбе облысының Байғанин ауданындағы Жарлы ауылында болған қайғылы оқиға елді есеңгіретіп кетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қоқысқа толы, пайдаланылмайтын құдыққа абайсызда құлап кеткен 9 жастағы қызды құтқаруға тырысқан 37 жастағы Нұрбол Бердіғалиевтің де өмірі қыршыннан қиылды. Марқұм — Байғанин балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрестен жаттықтырушысы, алты баланың әкесі еді. Ол ауылда 2017 жылдан бері тұрып, өңірдегі спорттың дамуына зор үлес қосқан, 40-қа жуық республикалық және облыстық турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін тәрбиелеген білікті маман болатын. 20 шәкірті спорт шеберлігіне үміткер атанған.
Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, қайғылы оқиға кешкі сағат 22:00 шамасында болған. Қыз бала үй ауласындағы тереңдігі 10 метрге жуық, ұзақ уақыттан бері қолданылмаған, үсті тақтай және дөңгелекпен жабылған құдыққа түсіп кеткен. Оны құтқаруға тырысқан көршісі Нұрбол Бердіғалиев те құдық ішінде қалып қойған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам улы газдан уланған болуы мүмкін. Құтқарушылар екеуін де сыртқа шығарып, алғашқы көмек көрсеткенімен, олардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Бұл жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады, ел ішінде үлкен резонанс тудырып, Нұрбол Бердіғалиевтің ерлігі мен адамгершілік қасиеті ерекше атап өтілуде.
Бұған дейін 10 жасар қыздың саусағы қамыр илейтін аппаратқа қысылып қалғанын жазған едік.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады