Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық әнші, сазгер Заттыбек Көпбосынұлы «Ұйқым келмейді» бағдарламасында қонақта болып, жақында ғана қызын ұзатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әнші өнердегі әріптесі Ақбота Керімбекованың қалай құдағи атанғанын есіне алды.
Қызды ұзақ күттік қой. 2012 жылы қызымыз дүниеге келгенде туған-туыс, дос-жаран мен әріптестердің бәрін жинап үлкен той бердік.
Ақботамен бұрыннан таныспыз. Іссапарға шыққанда мұңымызды, сырымызды айтамыз. Сонда ол мені жұбатып: «Досым, мұңайма, әлі ұлың да, қызың да болады. Екеуміз құда боламыз» дейтін. Ақботаның аузының дуасы бар екен. Одан басқа да қаншама жақын жандарымыз тілеулес болды. Алланың сабырлылық танытқанымыз үшін берген сыйы ғой, қызды болдық. Сол тойда Ақбота қызыма арнайы келіп сырға тақты. Оған дейінгі әңгімені ешкім білмейді, ал мен іштей қылп ете қалдым. Құдды тойдың үстінде әкетіп қалатындай күй кешім, қызғанғанымды көрсеңіз. Түрім де өзгеріп кеткен, - деді күліп.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді