29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов қазақстандықтарды тарихи алтын медальмен құттықтап, министрлерге үндеу жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде жариялаған видеосында ол еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханға 1 миллион доллар беру керектігін тілге тиек етті.
Тарихи күн! Бұл алтынды қазақ халқы, ата-ағаларымыз ұзақ күтті. Жақсылық Үшкемпіров секілді аңыз балуандарымыз бұл жеңісті көре алмай кетті. Осындай жеңіске жеткен Ризабек бауырымызға Алла риза болсын!
Болмайтын, түсініксіз спорт түрлеріне бір жылда 200-300 миллиондап ақша бөлеміз, легионерлерге де сол, ал олар кетіп қалады. Сондықтан министрлерге елімізден, ауылымыздан шыққан қарадомалақ бауырымызға 1 млн доллар беру керек деп үндеу жасаймын. Осындай хабарды естіген ауыр балалары ертеңгі күні спортпен айналысып, уақытын залда өткізіп, Ризабек секілді әлемді мойындатамын деген арман-мақсат пайда болады, сондай болалар еліміздің абыройын асқақтатуға үлес қосары сөзсіз.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек