Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша сот процесі тағы да кейінге қалдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін сот отырысында судья Айжан Құлбаева алқабилерге қойылатын сұрақтар талқыланатынын мәлімдеген. ҚПК-нің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетедi. Тікелей эфирдегі сот 13 мамыр күні сағат 9:00-ге шегерілгені белгілі болды.
Айта кетейік, 6 мамыр күні әйелін қасақана өлтірді және азаптады деп айыпталған Қуандық Бишімбаев соттағы соңғы сөзін айтты. Ол өзіне тағылған қасақана кісі өлтірді деген айыпты мойындамады. Ал Бақытжан Байжанов Нүкеновтерден бірнеше рет кешірім сұрап, жазасын өтеуге дайын екенін мәлімдеді.
Сот жарыссөзінде прокурор Бишімбаевтың Салтанатты не үшін өлтіргенін мәлім етті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?