Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сот жарыссөзінде Қуандық Бишімбаевтың мәйіттен құтылмақ болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокурордың айтуынша, қылмыс жасаған Қуандық Бишімбаев пен оның туысқан інісі Бақытжан Байжанов мәйіттен құтылу жоспарын жасаған.
Олар айғақтарды жойып, Салтанаттың аман-сау алдымен фитнеске, содан кейін үйіне кеткенін көрсеткен. Ал сол кезде Салтанат қайтыс болып кеткен. Салтанаттың телефонынан оның сол уақытта тірі екенін және Бишімбаевтың оған қатысы жоқ екенін көруге болады. Бишімбаев неліктен сағат 3-тен кейін мүсәтір спиртін әкелуді сұраған? Сараптама нәтижесі Салтанаттың сол уақытта қайтыс болғанын көрсетті. Ал мүсәтірді басқа мақсатта пайдаланған. VIP-залда Нүкенованың саусақ іздері жоқ. Бірақ Бишімбаевтың өзі бірге отырып ішімдік ішкендерін айтты. Бишімбаев мүсәтір қолданып, Салтанаттың саусақ іздері мен денесіндегі қанды сүртіп тастаған, - дейді Айжан Аймағанова.
Оқиға орнынан Салтанат Нүкенова киген ақ көйлек пен мүсәтір спирті табылмағаны белгілі. Прокурор аталмыш айғақтарды жасыруға тырысқанын атап өтті.
Бақытжан Байжанов жедел жәрдемге кешкі сағат 19:54-те хабарласқан. Демек, Салтанат қайтыс болғаннан кейін 5-6 сағат өткен еді. Олар қылмыс іздерін қалай жасыруға болатынын жіті ойластырған, - деді прокурор.
Прокурор жедел жәрдем дәрігерінің сөзін еске алды.
Жедел жәрдем дәрігері Салтанаттың бетін қайтыс болған адамның бетіп жапқан секілді жауып қойғанын көргенін айтты, – деді мемлекеттік айыптаушы.
Сондай-ақ прокурор Салтанат Нүкенованың соққыдан кейін басында пайда болған гематома ісігінің мөлшерін мысал ретінде көрсетті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?