Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстанада Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру ісі бойынша апелляциялық іс қаралды. Бұл талапты оның бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман қойған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Назым Каһарман балалардың әкесінің қылмыстық жауаптылыққа тартылуын және қоғам тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз жарияланымдар салдарынан психологиялық қысымды сезінетінін көрсете отырып, үш баланың әкесін ата-ана құқығынан айыруды сұрады.
Бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандырудан бас тартты, өйткені жауапкер балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол бермеген.
Бұл шешімге талапкер шағымданады. Апелляциялық қарау кезінде жауапкер балалардың тегін өзгертуге және шетелге шығуға келісім берді. Апелляциялық саты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот актісі заңды күшіне енді, - деді сотта.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар