Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова сот үкіміне қатысты шағым түсіретінін айтты. Олар айыпталушының 24 жыл түрмеде отыратынына қарсылық білдірмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Иә, біз апелляцияға береміз. Әрине, біз үкіммен келіспейміз. Нақты жоспарымыз туралы айта алмаймын. Қолымызға тиісті құжаттарды алмадық. Біз оларды үкім жарияланғаннан кейін бес күннен кешіктірмей қабылдауымыз керек, - деді адвокат Orda.kz тілшісіне
Егер Қуандық Бишімбаевқа кесілген үкім өзгермесе, айыпталушы жазасын Аршалыдағы түрмеде өтейді. Ақмола облысы Аршалы ауданында орналасқан Астана қаласы ҚАЖД-ға қарасты №2 мекемеде аса ауыр қылмыс жасағандар отырады.
Айта кетейік, судья Алма Есімова Бишімбаев пен Байжанов қай жерде жазасын өтейтіні туралы сұраққа жауап берген еді.
Бишімбаев бұған дейін сотталғандықтан, қылмыстық атқару жүйесі қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге жіберіледі. Сот сотталушының нақты сотталатын орны мен жерін белгілемейді. Шешім күшіне енгеннен кейін ол мекеменің тергеу изоляторына жіберіледі. Ал Байжанов қылмыстық атқару жүйесі қауіпсіздігі орташа мекеге жолданатын болады, - деп түсіндірді Есімова.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?