Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы темір жол билеттеріне күзгі жеңілдіктер жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы «Тальго» пойыздарының үш бағытына күз мезгіліне арналған жеңілдіктер енгізеді, ол осы жылдың 18 қыркүйегінен 26 қазаны және 6 қарашасынан 7 желтоқсаны аралығында болмақ.
«Тальго» пойыздарының маршруттарына жеңілдіктер енгізу туралы шешім оның танымалдығын және қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданды.
Жеңілдіктер мына маршруттарға қатысты беріледі, олар:
-20% жеңілдік – №79/80 «Астана – Арқалық» бағытына;
-30% жеңілдік – №81/82 «Астана – Қостанай» бағытына;
-40% жеңілдік – №65/66 «Астана – Жезқазған» бағытына.
Билетті тиімді бағамен «www.bilet.railways.kz» сайты, сондай-ақ «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады (Android платформасында ғана қолжетімді).
Сондай-ақ жолаушылар жеңілдік мөлшерін «Алтын» және «Күміс» дисконт карталары арқылы 55%-ға дейін арттыра алады.
Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты тегін «1433» нөмірінен және «KTZH_PP_BOT» телеграм-бот арқылы алуға болады.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді