23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан темір жолы«бірінші жартыжылдықты қорытындылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы 6 айда тарифтік жүк айналымы 130,4 млрд т-км нетто болды, бұл өткен жылғы деңгейден 8,6%-ке жоғары. Транзиттік жүк айналымы 39,1%-ке өсіп, 27,8 млрд тонна-километр неттоға жетті. Контейнерлік транзит 26%-ке өсті. Қазақстаннан Қытайға экспорт жүгін тасымалдауда өсім болды. Көлемі 5,7 млн тоннадан асты. Бұл өткен жылғы деңгейден 27%-ке артық.
Оқи отырыңыз:
Жолаушылар айналымы 5,7 млрд жолаушы-км құраса, бұл 2022 жылғыдан 1,2% жоғары. Есепті кезеңде шамамен 600 км темір жол жөнделді, бұл өткен жылғы кезеңнен 100 км артық.
2023 жылы 1 126 км магистральда жөндеу жұмысының барлық түрі жоспарланған. Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жылжымалы құрам паркі жаңарды. 36 локомотив, 48 фитингтік платформа және 14 жолаушылар вагоны сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы 139 локомотив, 620 жүк және 50 жолаушылар вагоны жеткізіледі.
Компанияда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселесіне ерекше назар аударылады. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзғаны үшін тиісті тәртіптік жаза қолданылып, жауапты басшылар лауазымынан босатылды. Өндірістік қауіпсіздіктің нашарлауы алаңдаушылық тудырып отыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік