20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТәжірибелі серб маманы «Қызылжар» футбол клубының жаңа бас бапкері атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Милич Чурчич 2023 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың маусымына дейін «Тобыл» футбол клубын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда 2023 жылы Қазақстан Кубогын, ал 2024 жылы Суперкубокты жеңіп алды.
Сондай-ақ Чурчич ассистент және бас бапкер ретінде әртүрлі клубтар мен құрамаларда жұмыс істеген. Атап айтқанда, «Атырау», Сербияның «Пролетер», Иранның «Зоб Ахан» клубтары, Ливанның жастар құрамасы және Беларусь чемпионы атанған «Шахтёр» (Солигорск) клубы бар.
Бапкерлік штабқа сербиялық жастар және ұлттық құрамалармен жұмыс істеген Иван Евич, сондай-ақ физикалық дайындық бойынша тәжірибелі маман Евгений Кресик кірді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?