30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚозыбаев университеті Tech Garden компаниясымен робототехника саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті «Инновациялық технологиялар паркі» (Tech Garden) автономды кластерлік қорымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты – корпоративтік оқытуды, модульдік бағдарламаларды әзірлеуді, қысқа мерзімді курстарды өткізуді, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен цифрландыру саласындағы білімді арттыруға көмектесуді көздейді.
Tech Garden - бұл инженерия, робототехника және техникалық салалардағы зерттеу бағыттарының консорциумының бір түрі.
Ынтымақтастықтың арқасында Қозыбаев университетінің қызметкерлері мен студенттері үздік инновациялар мен технологияларға қол жеткізе алады. Жұмыс Дүниежүзілік банктің гранты аясында жүргізілмек.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды