1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБелгілі әнші Жолдасбек Әбдіханов ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы өнер иесінің көмекшісі Әділет мәлім етті.
Бір апта бұрын Жолдасбек Абдиханов отбасы үшін күтпеген ауыр жағдай болды. Көпқабатты үйдің лифті кенеттен техникалық ақауға байланысты тоқтап, қатты сілкініс болған. Бір сәттік соққыдан мойын және омыртқа аймағына зақым келіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, - делінген жазбада.
Алғашқы диагноз – омыртқа-аралық дискі қозғалысы, жүйке қысылуы, мойын-бел жарақаты. Бұл – жеңіл жарақат емес. Қозғала алмауы, бас айналуы, сөйлеу қиындықтары бар.
Қазір толық тыныштықта, арнайы аппаратпен емделіп жатыр. Дәрігерлер 4–6 айға дейін белсенді жұмысқа, сахнаға рұқсат бермеді. Соған байланысты барлық шығармашылық жұмыстары уақытша тоқтатылды. Біз оның тез сауығып, халық алдына қайта шығатынына сенеміз. Сіздердің дұғаларыңыз ауадай қажет. Жоспарланған, уәделескен жұмыстары тоқтап қалғаны үшін — баршаңыздан кешірім сұраймыз, — делінген жазбада.
Бұған дейін әнші Абай Бегейдің қызы ұсталғаны туралы жазған едік.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?