10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСенаттың брифингінде премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда қосылған құн салығын 20 пайызға көтеруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Серік Жұманғариннің айтуынша, қосылған құн салығын көтеруді Үкімет ұсынды.
28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында бағдарлама жасадым. Ол бағдарламамда қосылған құн салығын 20 пайызға көтеру туралы бір сөз де айтылмаған. Сол себепті осы әңгімені қою керек. Қазіргі таңда бизнес өкілдерімен, сарапшылармен өзара пікір алмасудамыз. Содан кейін Үкімет өзінің шешімін қабылдайды, - деді ол.
Ұлттық экономика министрінің сөзінше, келесі аптадан бастап алты жұмыс тобы барлық өңірге шықпақ.
Біз бизнес өкілдерімен кездесеміз. Оның ішінде мәслихат депутаттары да бар. Олармен тағы талқылаймыз. Сосын барып қана шешім қабылдаймыз. Қазір ол туралы айтуға ерте, - деді Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ ол қосылған құн салығын көбейту туралы ұсыныс 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізілетінін атап өтті.
Қазір Мәжілісте Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жатыр. Соған қосымша ретінде біздің түзетулер енеді, - дейді ұлттық экономика министрі.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді