22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТарих пәнінің мұғалімі оқушыларымен бірге Қостанай облысында туристік бағыттар құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туған жердің тарихы көз алдымызда өзгеріп келе жатқандай. Қостанай облысының оқушылары балаларға ел тарихына және туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті оятып жүрген жас ұстаз Дамир Сұлтанов туралы дәл осылай ойлайды. Ұстаз бос уақытында шәкірттеріне Меңдіқара ауданының қарағайлы ормандар қорығына тегін экскурсиялар өткізіп, кейін олармен бірге туристік маршруттар құрады.
Дамир Сұлтанов Меңдіқара ауданында туып-өскен. Педагогикалық университетті бітіріп, 2016 жылы туған ауылына оралғаннан кейін ол Первомай ауылындағы мектепте тарих пәнінен сабақ бере бастайды. Дәл сол кездері жас мұғалім 12 оқушы үшін «Меңдіқараның жас зерттеушілері» өлкетану үйірмесін ашады.
«Дамир Мыңайдарұлы күнделікті сабақтағы жаңа тақырып болсын немесе бірнеше жыл бойы айналысып жүрген ғылыми жұмыс болсын, барлық білімді шебер жеткізе біледі. Сабақтарымыздың арқасында өңірімізге келген қонақтарға тарихта із қалдырған барлық маңызды оқиға туралы айтып, экскурсиялар жүргіземіз», - дейді 11-сынып оқушысы Даниил Чебец.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев