Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыBaitursynuly University студенттері Қостанайдың көшелеріне шығып, қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жігіттер облыс орталығының коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлеріне көмекке келіп, қала көшелерін қардан тазартуға көмектесті. Студенттердің бұл әрекеті тек ТКШ жұмысшыларының ғана емес, өтіп бара жатқан адамдардың да назарын аударды.
Көктемгі қызғалдақтай гүл шоқтарын сыйлық ретінде алған қыз-келіншектер студенттерге көмегі үшін алғыстарын жаудырды.
Осы орайда Қостанай өңірлік университетінде студенттердің рухани тәрбиесіне, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
⠀
Атап өтсек, жақында Baitursynuly University-де жыл сайын өтетін қайырымдылық Студенттік балы ұйымдастырылып, мұқтаж баланың еміне бір жарым миллион теңге жинауға көмектесті, аймақта үлкен резонанс тудырды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді