Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанай облысында Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында шаруашылық құрылыстан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру жасақтары дер кезінде жетті. Жанып жатқан нысанның маңында тұрғын үй мен өзге де ғимараттар орналасқан болатын. Құтқарушылардың шапшаң әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді.
Өрт сөндіру барысында №21 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері құрылыс ішінен төрт газ баллонын анықтады. Жарылыс қаупі туындағанына қарамастан, құтқарушылар оларды жедел түрде қауіпсіз аймаққа шығарды, - деп жазылған министрлік хабарламасында.
Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себептері анықталып жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді