Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанайлық оқушы адам өмірін сақтауға көмектесетін бірегей отқа қарсы «Старлайт» материалын жасады, деп хабарлайы El.kz интернет порталы.
Қостанай облыстық білім басқармасының мәліметінше, №1 лицей-интернатының оқушысы Никита Белашов және физика пәнінің мұғалімі Дмитрий Судоргин өрттің зиянды әсеріне төтеп бере алатын «Старлайт» материалын ойлап тапты.
«Старлайт» - өте жоғары температураға төтеп беретін материал, оны адам өмірінің көптеген салаларында қолдануға болады.
Өрт - адамдардың өміріне қауіп-қатер тудыратын тілсіз жау. «Старлайт» бұл мәселені шешуге көмектесе алады. Егер осы материалдан пластиналар жасап, олармен өрт сөндірушілердің киімі мен техникасын қаптаса, бұл өлім мен күйіп қалу қаупін және қызып кету салдарынан техниканың тоқтап қалуын азайтады, - дейді Никита.
Зерттеу барысында материал құрамына көптеген сынақ өткізілді. Қалыңдығы жарты сантиметр пластина 1000°C температурада тікелей отқа төтеп бере алады және мұндай жағдайда өмір сүру үшін қолайлы температураны екі минут бойы ұстап тұрады.
Бұл саладағы зерттеулердің адам өмірінде қолданудың үлкен перспективалары мен мүмкіндіктерін көріп отырмыз. Біз тоқтап қалмай, материалды жетілдіруді жалғастырамыз! – деп қосты оқушы.
Никита республикалық ғылыми жобалар байқауында 2-орын иеленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында өткен Жас зерттеушілердің І жастар форумында сәтті қорғап шықты. Одан кейін «Старлайт» материалына басқа облыстардың зерттеушілері қызығушылық танытып, өз жобаларында материалды жылу оқшаулағыш ретінде пайдалануда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді